News & Events
Сәбит Мұқанов және Ғабит Мүсіреповтің мемлекеттік әдеби-мемориалдық музей кешеніне экскурсия
- 15.05.2025
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар

Сәбит Мұқанов және Ғабит Мүсіреповтің мемлекеттік әдеби-мемориалдық музей кешеніне экскурсия
Ағымдағы жылдың мамыр айының 14 жұлдызында Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхананың «Өнер және спорт әдебиеттері бөлімінің» ұйымдастыруымен 18 мамыр – Халықаралық музей күніне орай Сәбит Мұқанов және Ғабит Мүсіреповтің мемлекеттік әдеби-мемориалдық музей кешеніне экскурсия жасады.
Іс-шараның мақсаты: Қазақ әдебиетінің дамуына айрықша ықпал еткен Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтің өмірлік және шығармашылық жолын насихаттау.
Кешен Мұқановтың (1978 жылы 21 қарашада ашылған) және Мүсіреповтің (1987 жылы мамырда ашылған) мұражайы негізінде 1999 жылы ашылды. Олардың бала кезгі достығы қаламдас достыққа ұласқан.
Музей экспозициясы жазушылардың өмірлік және шығармашылық жолын бейнелейді: олардың жастық шағы, оқу жылдары, әдебиет қайраткері ретінде қалыптасуы, сондай-ақ қоғамдық-саяси белсенділігі көрсетілген. Экспозицияда деректі материалдар, қолжазбалар мен күнделіктері, сондай-ақ 50-ден астам шет тілге аударылған шығармалар жинағы бар.
Музейдің мемориалдық бөлігінде жұмыс бөлмесі, кітапхана, қонақ бөлмесі және жатын бөлме орналасқан. Бұл бөлмелердің бәрі сол күйінде сақталған. Ең маңызды жәдігерлердің бірі — қазақ ғалымы Шоқан Уәлихановтың бәкісі. Дәл осы үйде Мұқанов Шоқан туралы роман жазған.
Шараға 15 адам қатысты.
Гүлназ Даржанова, өнер және спорт әдебиеттері бөлімінің басшысы