News & Events
7 мамыр – Қазақстан Республикасы Отан қорғаушылар күніне арналған «Жердің қорғаны, елдің тұтқасы» мерекелік құттықтау шарасы
- 08.05.2025
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар

Жердің қорғаны, елдің тұтқасы
Мамыр айының 6-шы жұлдызында Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай «Жердің қорғаны, елдің тұтқасы» атты мерекелік құттықтау іс-шарасы өтті.
Іс-шараның мақсаты: «Ер – ел қорғаны, батыр – халық қалқаны»-демекші елге сүйеніш, жұртқа пана болған ерлерді ардақ тұту.
Мерекелік шарада кітапхана арулары әріптес ер-азаматтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады. Кітапханананың бөлімінде жұмыс жасайтын қыз-келіншектер өз өнерлерін көрсетіп, құттықтау жолдап, кітапханадағы ерлер қауымына жақсы көңіл-күй сыйлады.
Кеште құттықтау сөз алған «Жеке қызмет көрсету бөлімінің» қызметкері К. Дарсалямова, «Кітап қорын сақтау және абономент бөлімінің» қызметкері Н. Арынбекова және директор кеңесшісі Л. Кибашева ел азаматтарына ізгі тілектерін жолдай отырып, отбасыларына амандық, еңбектеріне жеміс тіледі. Кәсіподақ ұйымының төрайымы Н. Момбекова мен кітапхана арулары атынан сыйлықтар табыс етілді.
Іс-шараға 41 адам қатысты.
Назым Момбекова, өнер және спорт әдебиеттері бөлімінің қызметкері