News & Events
Ұлы Жеңіс күні – Ұлы мейрам
5 мамыр күні кітапхананың жеке қызмет көрсету бөлімі Қазақ зағиптар қоғамының Мәдениет үйіне қарасты «Армандастар», «Қаламқас» вокалды топтарымен және «Соловьи Алатау» орыс хорымен бірлесіп Ұлы Отан соғысы Жеңісіне 80 жыл толуына орай «Ұлы Жеңіс күні – Ұлы мейрам» атты әдеби-сазды кешін ұйымдастырып, өткізді.
Шара мақсаты: Ұлы Отан соғысының батырларын еске алу, әдеби шығармалар мен музыкалық композициялар арқылы жеңімпаздар ұрпағына алғыс білдіру, жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеп, өз елінің тарихына деген мақтаныш сезімін қалыптастырып, рухани мұраны сақтауға ықпал ету.
Кеш көрермендері Ұлы Отан соғысында қаза тапқан майдангерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Шара барысында оқырмандар назарына Ұлы Отан соғысы ардагерлері, Қазақ зағиптар қоғамының мүшелері туралы ақпарат ұсынылды. Кеште зағип ақын Владимир Ивановскийдің және қазақстандық ақындардың өлеңдері оқылып, соғыс жылдарындағы әндер орындалды. Шараны орыс хоры «Соловьи Алатау» көрермендермен бірге «День Победы» әнін орындауымен аяқтады.
Шараға 60 адам қатысты