News & Events
Өзекті сұхбат «Үміт пен сенім сыйлаймыз»
- 24.04.2025
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар

Өзекті сұхбат «Үміт пен сенім сыйлаймыз»
2025 жылғы Президенттің Жарлығына сәйкес «Жұмысшы мамандығы жылы» болып жарияланды, осыған байланысты, 2025 жылдың 23 сәуірінде «Зағиптар және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» РММ-нің Кітапхана ісін дамыту, библиография және тифлология бөлімінің қызметкерлері «Алматы облысының білім басқармасы» ММ-нің Есік қаласындағы «№ 1 Облыстық арнайы мектеп-интернаты» КММ-нің көру қабілеті бұзылған орта және жоғары сынып оқушыларына «Үміт пен сенім сыйлаймыз» атты өзекті сұхбат өткізілді.
Шараның мақсаты: Өскелең ұрпақты мамандық таңдауға насихаттау. Өзекті сұхбаттың мақсаты – көру қабелеті бұзылған жоғары сынып оқушыларына мамандық таңдау бойынша кеңес беру.
Сұхбатты I топтағы көзі көрмейтін мүгедектігі бар азамат, кітапханашы Алмас Мырзабеков және кітапханашы Айман Сманова жүргізді.
Қонақтарымыз: Көздыбаев Ғалым, I топтағы көзі көрмейтін мүгедектігі бар азамат, Алматы қаласы Әуезов ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері, Бейсебаев Бақытбек, I топтағы көзі көрмейтін мүгедектігі бар азамат, заңгер, парапауэрлифтинг бойынша спортшы, 2024-2025ж. чемпион. Қонақтар өз тәжірибелерімен бөлісіп, мамандық таңдау кезінде өз бастарынан өткен қиын кезеңдерін айтты және мектеп оқушыларына түрлі бағыттағы мамандықтар бойынша ұсыныстар мен кеңес берді. Сондай-ақ, «Зағиптарды танымал еткен мамандықтар» тақырыбында викторина өткізілді.
Сұхбатты мектеп әкімшілігі оқушылар үшін өзекті және маңызды іс-шара деп атап өтті.
Іс-шараға 40 адам қатысты.
Кітапхана ісін дамыту, библиография және тифлология
бөлімінің қызметкерлері
Мырзабеков А.К.,Сманова А.К.