News & Events
23 сәуір – Ұлттық кітап күні аясындағы «Таза ауада кітап оқу» акция
- 21.04.2025
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар

«Таза ауада кітап оқу» акциясы
Ағымдағы жылдың 19 сәуір күні «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» РММ 23 сәуір – Ұлттық кітап күні аясындағы «Таза ауада кітап оқу» акциясын өткізді.
Үкімет Қаулысымен Қазақстанда жаңа мереке «23 сәуір – Ұлттық кітап күні» бекітілді. Аталмыш мереке Мемлекет басшысының қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында үшінші Ұлттық құрылтайдың негізгі сессиясында берген тапсырмасына байланысты белгіленді.
«Кітапқұмарлық – жақсы қасиет. Көптеген мемлекет Ұлттық кітап күнін атап өтеді. Біз, ең алдымен, жастарды кітап оқуға баулуымыз керек. Сонда жаппай кітап оқитын ұлтқа айналамыз», – деді Президент Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында сөйлеген сөзінде.
Қаулы 2024 жылғы 16 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық кітап күніне арналған апталық аясында «Таза ауада кітап оқу» акциясы өтуде!
Ашық аспан астында, самал желдің аясында оқылған әрбір кітап –
баланың жүрегінде жылы естелікке айналады.
Осындай шуақты сәттер балғын оқырманның бойында кітапқа деген сүйіспеншілікті оятып, өмір бойғы серік етуге ықпал етеді.
Іс-шараға № 124 жалпы білім беретін мектептің оқушылары ата-аналарымен қатысты.
Барлығы 13 оқырман.
Даржанова Г.Т., өнер және спорт әдебиеттері бөлімінің басшысы