News & Events
Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Нығмет Нұрмақовтың туғанына 130 жыл толуына орай «Нығмет Нұрмақов – тарихи тұлға» атты ақпараттық сағат өткізілді
- 21.04.2025
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар

Нығмет Нұрмақов – тарихи тұлға
2025 жылдың 18 сәуір күні «Зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған» кітапхана РММ-де көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Нығмет Нұрмақовтың туғанына 130 жыл толуына орай «Нығмет Нұрмақов – тарихи тұлға» атты ақпараттық сағат өткізілді.
Ақпараттық сағаттың мақсаты – қазақ халқының біртуар перзенті, қоғам және мемлекет қайраткері Нығмет Нұрмақовтың өмір жолы мен қызметін кеңінен насихаттау, ұлт болашағына қосқан ерен үлесін жас ұрпаққа үлгі ету.
Шара барысында жас оқырмандар қайраткердің тарихи рөліне тоқталып, оның білім, ғылым, мемлекеттік басқару салаларындағы еңбектері жайлы тың мәліметтер алды. Тұлғаның өмірінен сыр шертетін фотосуреттер, кітап көрмесі ұсынылып, тарихи бейнесін ашатын деректі фильмдер мен баяндама тыңдалды. Сонымен қатар, қатысушылар арасында пікір алмасу ұйымдастырылып, жастар белсенділік танытты.
Шараға 36 адам қатысты.

Шараға 36 адам қатысты