News & Events
«Ұлттық кітап күні» мерекесі аясында «Бала жазушының әлемі» тақырыбындағы жас қаламгер — Ералы Пазылбекұлының шығармашылығына арналған әдеби кездесу кеші өтті
- 17.04.2025
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар

Бала жазушының әлемі
2025 жылдың 17 сәуір күні кітапхананың жеке қызмет көрсету бөлімінде «Ұлттық кітап күні» мерекесі аясында «Бала жазушының әлемі» тақырыбындағы жас қаламгер — Ералы Пазылбекұлының шығармашылығына арналған әдеби кездесу кеші өтті.
Шараның мақсаты: оқушыларды қазіргі заманғы балалар әдебиетімен таныстыру, шығармашылық тұлғаны дәріптеу, балалардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.
Кешке Н. Островский атындағы №4 мектеп-интернатының оқушылары мен ҚазНұр гуманитарлық колледжінің бастауыш сынып факультетінің студенттері шақырылды.
Кездесу барысында оқырмандар жасөспірім жазушымен еркін форматта әңгімелесіп, оның шығармашылығымен жақын танысты.
Кеш соңында жасөспірім жазушы Ералы Пазылбекұлы алғашқы ертегілер жинағын кітапхана қорына тарту етті.
Шараға 58 адам қатысты