News & Events
көрнекті ақын Тұманбай Молдағалиевтің 90 жылдығына арналған поэзиялық кеш
- 14.03.2025
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған
2025 жылдың 13 наурызында Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханасында көрнекті ақын Тұманбай Молдағалиевтің 90 жылдығына арналған поэзиялық кеш өтті. Шараның тақырыбы – «Жүрегі жырдан жаралған», бұл ақын шығармашылығының мәнін толықтай ашып, оның жүрегінің өлеңнен жаралғанын айқындайды.
Іс-шараның мақсаты – Тұманбай Молдағалиевтің өмірі мен шығармашылығын насихаттау, оның қазақ әдебиетіне қосқан үлесін дәріптеу, сондай-ақ көпшілік арасында ақын туындыларына деген қызығушылықты ояту.
Кеш қонақтары:
– «Армандастар» вокалды-аспаптық ансамблі ақын өлеңдеріне жазылған әндерді орындап, тыңдаушыларға ерекше рухани әсер сыйлады.
– Ж. Елебеков атындағы Алматы эстрадалық-цирк өнері колледжінің студенттері ақын өлеңдеріне негізделген монологтарды жүрекке жеткізе оқып, оның жырларының терең мағынасын паш етті.
Шараға 45 адам қатысты