News & Events
«Қазақ сахнасының саңлағы» атты актер, режиссер, әнші, Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Құрманбек Жандарбековтың туғанына 120 жыл толуына орай портрет кеші өтті
- 06.01.2025
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар

Қазақ сахнасының саңлағы
Ағымдағы жылдың 6 қаңтар күні кітапхананың жеке қызмет көрсету бөлімінде «Қазақ сахнасының саңлағы» атты актер, режиссер, әнші, Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Құрманбек Жандарбековтың туғанына 120 жыл толуына орай портрет кеші өтті.
Іс-шараның мақсаты: Ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін салушылардың бірі Құрманбек Жандарбековтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау.
Шара барысында оқырмандар назарына Құрманбек Жандарбековтың шығармашылығы жайлы арнайы дайындалған бейнебаян ұсынылды.
Құрманбек Жандарбеков қазақ сахна өнеріне бірқатар белгілі шығармаларымен танылған. Оның орындаған рөлдері көрермендердің жүрегінен орын алып, қазақ театрының алтын қорына қосылды. Жандарбеков сахнада қайталанбас актерлік шеберлігімен, ерекше дарындылығымен көпшіліктің көзайымына айналған.
Құрманбек Жандарбековтың естелігі мен шығармашылық мұрасы мен еңбегі қазақ өнері мен мәдениетінің бір бөлшегі болып қала береді.
Шараға 23 оқырман қатысты.
Гүлназ Даржанова, өнер және спорт әдебиеттері бөлімінің басшысы