News & Events
Тәуелсіздік – тұғырым
Ағымдағы жылдың 13-ші желтоқсан күні, кітапхананың жеке қызмет көрсету бөлімінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – тұғырым» атты әдеби-сазды кеш өтті.
Кештің мақсаты: Ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап кеткен тәуелсіздіктің маңызын бүгінгі ұрпаққа насихаттау.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16 желтоқсанында аталып өтеді. Бұл күн ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке.
Мерекелік шарада Жылы ұя оңалту орталығының ардагерлерінен құралған «Соловьи Алатау» хоры, «Қаламқас» вокалды-аспаптар тобы, Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының оқушылары қатысты.
Іс-шарада кітапхана директорының орынбасары Джумабеков Махсут Тайнович келген қонақтарды еліміздің басты мерекесі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Шараға 51 адам қатысты.
өнер және спорт әдебиеттері
бөлімінің қызметкері