Бибігүл – ән
2024 жылдың 12 желтоқсан күні кітапхананың жеке қызмет көрсету бөлімінде «Бибігүл – ән» атты қазақ әншісі, КСРО халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері, Социалистік Еңбек Ері Бибігүл Төлегенованың туғанына 95 жыл толуына орай мерейтойлық іс-шара өткізді.
Ғибратты ғұмыр иесінің тұнық үнін талай буын тыңдап өсті. Ұлт мақтанышы Бибігүл Ахметқызы 70 жылдан астам сахнаның сәнін келтірді. Біртуар бұлбұл әншінің ән қоржынында қазақтың халық әндерімен қатар әлемдік музыка жауһарлары көптеп кездеседі.
Іс-шараның мақсаты: Қазақтың бұлбұл әншісі, өнер майталманы Бибігүл Төлегенованың өмірі мен шығармашылығын насихаттау, өнердегі жолын болашақ жастарға үлгі ету.
Шара барысында Бибігүл Төлегенованың өмірі жайлы арнайы дайындалған бейнебаян көрсетілді.
Іс-шараға Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері қатысты.
Барлығы 43 оқырман.
Гүлназ Даржанова,
өнер және спорт әдебиеттері
бөлімінің басшысы