Қазақ елі – менің Отаным
2024 жылдың 23 қазан күні кітапхананың жеке қызмет көрсету бөлімінде «Қазақ елі – менің Отаным» атты Республика күніне орай әдеби-сазды кеш өтті.
Іс-шараның мақсаты: Елдікке бастаған ерекше күн — Республика күні мерекесін атап өту. Болашақ ұрпақты Отанымызбен мақтануға, бірлігімізді нығайтуға, елдігімізді танытуға тәрбиелеу.
Шара барысында Республика күнінің тарихы жайында деректі фильм көрсетілді.
Іс-шараға кітапхана оқырмандары мен «Абай облысы Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Семей қаласының зағиптар және нашар көретін азаматтарына арналған «Шамшырақ клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны өнерпаздары қатысты.
Барлығы 53 оқырман.
Гүлназ Даржанова, өнер және спорт әдебиеттері бөлімінің басшысы