News & Events
«Жизнь, отданная людям. Александр Сапелкин» атты кітабының тұсаукесері өтті
- 01.10.2024
- Posted by: blindlib blindlib_kz
- Category: Жаңалықтар
Жизнь, отданная людям. Александр Сапелкин
2024 жылдың 1 қазан күні кітапхананың жеке қызмет көрсету бөлімінде Алматы қаласы «Көмектес» көзі көрмейтін мүгедектердің қоғамдық қайырымдылық қоры мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» республикалық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Қазақстанның зағип және нашар көретін азаматтарына арналған кітапханалар жүйесінің негізін қалаушы, «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» республикалық мемлекеттік мекемесінің бірінші директоры Александр Филиппович Сапелкиннің «Жизнь, отданная людям. Александр Сапелкин» атты кітабының тұсаукесері өтті.
Александр Филиппович оқыс жағдайда 13 жасында көру қабілетінен айырылды. Алтын медальмен мектепті бітіріп, екі жоғары білімі болды. Ол «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» республикалық мемлекеттік мекемесінің бірінші директоры болды, 90-шы жылдары «Көмектес» көзі көрмейтін мүгедектердің қоғамдық қайырымдылық қорын құрды. Шахматтан спорт шеберіне кандидат болды. Қазақ зағиптар қоғамы құрама командасының құрамында республикамыздың намысын қорғап, республикалық, бүкілодақтық және халықаралық жарыстарда өнер көрсетіп, екі рет зағип шахматшылар арасында Қазақстан чемпионы атанды. Шахмат пен дойбыдан көптеген оқушыларды тәрбиеледі.
Александр Филиппович өзінің бүкіл саналы ғұмырын адамдардың игілігі үшін инклюзивті қоғам құру, мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және мүмкіндіктерін кеңейту жолында аянбай еңбек етті. Өмірге деген сүйіспеншілігінің арқасында, ол өмірде көптеген жетістіктерге жетті.
Александр Филипповичтің өмір жолы – өз ісіне адалдық пен риясыз қызмет етудің, зерделілігі мен рухани жомарттығының үлгісі.
Ол жан-жақты дамыған, білімпаз, болашақты болжай білетін, жаңашылдыққа құмар тұлға болды.
Сапелкин Александр Филиппович 2022 жылдың 20 наурызында дүниеден озды. Оның жарқын бейнесі біздің жадымызда мәңгі қалады.
«Жизнь, отданная людям. Александр Сапелкин» атты кітапта мақаласы мен баяндамалары, Александр Филипповичтің бай қолжазба мұрасынан әр жылдары жазылған даналық ойлары мен толғаулары және ол туралы басқа да материалдар қамтылған.
Кітап «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің қаржылай қолдауымен жарық көрді.
Іс-шараға барлығы 67 оқырман қатысты.
Даржанова Г.Т., өнер және спорт әдебиеттері бөлімінің басшысы