News & Events
«Бір ел — бір кітап» республикалық акциясы аясында, балалар жазушысы, ақын, сценарист Бердібек Соқпақбаевтың 100 жыл толуына орай «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты халықаралық онлайн-конференциясы өткізілді
- 23.09.2024
- Posted by: blindlib blindlib_kz
- Category: Жаңалықтар
2024 жылдың 20 қыркүйегінде Республикалық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханада ЮНЕСКО-ның атаулы даталар
күнтізбесіне енгізілген, «Бір ел — бір кітап» республикалық акциясы аясында, балалар жазушысы, ақын, сценарист Бердібек Соқпақбаевтың 100 жыл
толуына орай «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты халықаралық онлайн-конференциясы өткізілді.
Халықаралық онлайн-конференцияға Қазақстан Республикасы, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Татарстандағы зағип жандарға арналған арнайы
кітапханалар, сондай-ақ Алматы қаласы мен Алматы облысының зағип және нашар көретін балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттары қатысты.
Зағип және нашар көретің азаматтарға арналған Республикалық кітапхана директоры А.Байұзақов, Новосибирск арнайы кітапханасының директоры
Ю.Лесневский, Қырғыз соқырлар қоғамының Республикалық зағиптар және саңыраулар арнайы кітапханасының директоры К.Касымбаева, Кузбасс
қаласының Соқыр және нашар көретіндерге арналған мамандандырылған кітапхана директоры И.Тихонова, Татарстан Республикасының еңбек
сіңірген мәдениет қайраткері Г.Закирова құттықтау сөз сөйледі. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, аудармашы, жазушының қызы Самал
Соқпақбаева бейне құттықтау жолдады.
Ресей (Кузбасс және Хабаровск), сондай-ақ Қазақстан (Өскемен, Орал, Шымкент, Павлодар, Тараз) қалаларының кітапханашылары баяндама
жасады.
Оқырмандар «Бердібек Соқпақбаев – балалар әдебиетінің атасы» көрмесімен таныстырылды. Сонымен қатар оқырмандар нүктелі-бедерлі
шрифтпен жазылған «Балалық шаққа саясат» әңгімесінің тұсаукесеріне куә болды. Іс-шара барысында «Бердібек Соқпақбаев кітаптарының беттері
арқылы» бейне шолу, сондай-ақ Б.Соқпақбаевтың кітаптары бойынша Квиз-саяхатқа Есік қаласының No1 және Н.Островский атындағы No4 нашар
көретін және зағип балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттарының оқушылары қатысты.
Конференцияға белсенді қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.
Бұл шара республикалық «KitapTime-2024» шарасына орайластырылған.
Қатысқан адамның саны 49