News & Events
Қазақстан халықтары тілдері күніне орай «Тілім менің — тірегім» тақырыбындағы ақпараттық шағын-дайджест
- 05.09.2024
- Posted by: blindlib blindlib_kz
- Category: Жаңалықтар
Тілім менің – тірегім
2024 жылдың 5 қыркүйегінде Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханасында ұлттық мереке Қазақстан халықтары тілдері күніне орай «Тілім менің — тірегім» тақырыбындағы ақпараттық шағын-дайджест өтті.
Мақсаты: «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы — тіл» деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тілі үшін күрескен, Ұлт ұстазы атанған Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен байланыстырып оқырмандарға тілдің маңыздылығы жайында ақпарат беру.
Шара барысында тыңдаушыларға тілдің адам өмірінде, ұлт өмірінде алатын орны туралы, Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаяны, ғылыми еңбектері туралы жазушының өмірі және шығармашылығы жайында бейнеролик көрсетілді. Шара барысында кітапхананың белсенді оқырмандары мен Алматы қаласы білім басқармасының №4 мектеп-интернатының оқушылары тақырып аясында өлең оқып, ән шырқады.
Шараға 35 адам қатысты.