News & Events
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ "ЗАҒИП ЖӘНЕ НАШАР КӨРЕТІН АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КІТАПХАНА" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ > Жаңалықтар > Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Ата заң – алтын діңгегім» атты құқықтық сағат өтті
Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Ата заң – алтын діңгегім» атты құқықтық сағат өтті
- 28.08.2024
- Posted by: blindlib blindlib_kz
- Category: Жаңалықтар
Комментариев нет
Ата заң – алтын діңгегім
2024 жылдың 28 тамызында кітапхананың жеке қызмет көрсету бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Ата заң – алтын діңгегім» атты құқықтық сағат өтті.
Мақсаты: оқырмандарға Ата заңымыз, адам құқықтары туралы түсінік беру, құқықтық сауаттылыққа және Отанын сүйетін ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.
Шара барысында белсенді оқырман, Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының заң ғылымдарының кандидаты, доцент — Майбасаров Омралы Қырғызәліұлы мен кітапхананың заң қызметкері Әлішев Бақытбек Жүргінбайұлы екі тілде тақырыпқа байланысты көптеген мәліметтер, Ата заңымыздағы соңғы кездердегі енгізілген өзгерістер жайында ақпарат берді.
Шараға 25 адам қатысты.



