Ағымдағы жылдың 25 шілде күні «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» республикалық мемлекеттік мекемесінің өнер және спорт әдебиеттері бөлімінің қызметкерлері жазғы демалыс аясында Алматы қаласы Білім басқармасының «№124 көру және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі арнайы ұйымы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне барып, «Мешок яблок» ертегісін тифлотүсініктемемен көрсетті.
Іс-шараның мақсаты: Балаларға ертегі көрсету арқылы достық қарым-қатынаста болуға, бір-бірін құрметтеуге, үлгі тұтуға тәрбиелеу. Жомарттық пен кішіпейілділік және қонақжайлылыққа баулу. Кітапхананың жас оқырмандарына жаздық демалыстарының көңілді өтуіне ықпал ету.
Шараға 6 бала қатысты.
Торғын Муханова,
өнер және спорт әдебиеттері
бөлімінің қызметкері