2024 жылдың 18 шілде күні «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» республикалық мемлекеттік мекемесінің өнер және спорт әдебиеттері бөлімінің қызметкерлері жазғы демалыс аясында Алматы қаласы Білім басқармасының «№124 көру және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі арнайы ұйымы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне барып, «Аю мен маса» ертегісін тифлотүсініктемемен көрсетті.
Ертегінің мақсаты: Балаларға ертегіні көрсету арқылы сөйлеу дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, сұрақ-жауап арқылы жас көрермендерге ертегі фильміндегі кейіпкерлердің әрекетін түсініп, дұрыс бағалауға көмектесу.
Шараға 9 бала қатысты.
Торғын Муханова, өнер және спорт әдебиеттері бөлімінің қызметкері