News & Events
Кітапханадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі бағыттары
- 13.06.2024
- Posted by: blindlib blindlib_kz
- Category: Жаңалықтар
Кітапханадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі бағыттары
2024 жылғы 13 маусымда Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада (әрі қарай, кітапхана) ұжым қызметкерлерінің қатысуымен, мекеме директоры бекіткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың, стандарттың, іс-қимыл жөніндегі нұсқаулықтың тұсаукесері өтті.
Кітапхана директоры Асхат Байұзақов «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі негізгі бағыттарды, кітапханада осы мәселеге қарсы заңнаманы сақтау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды түсіндірді. Сонымен қатар, аталған құжаттарды қабылдаудың маңыздылығы мен қажеттілігін және зиянды жағын атап өтті. Мұндай көріністерге кітапхана қабырғасында және тұрмыстық деңгейде жол берілмеуі керек екенін қатаң ескертті.
Кітапхананың барлық қызметкерлері жоғарыда аталған құжаттармен танысып, қол қойды.
Іс-шараның мақсаты: кітапханада сыбайлас жемқорлық пен оның көріністеріне жол бермеудің маңыздылығын көрсету.
Шара барысында тақырып төңірегінде бейнеролик көрсетілді.