News & Events
Бірлік – бақыттың бастауы
Сәуір айының 30 жұлдызында Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхананың өнер және спорт әдебиеттері бөлімінің ұйымдастыруымен Н. Островский атындағы Қазақ соқырлар қоғамының мәдениет үйінде «Бірлік – бақыттың бастауы» атты әдеби-сазды кеш өтті.
Бұл күн, Қазақстан халқы үшін ең ірі мерекелердің бірі. Еліміздің барлық өңірлерінде дерлік 1 мамыр тойланады.
«Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған.
«Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерек.
Іс-шараның мақсаты: Ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау.
Мерекелік шарада Алматы қаласы Білім басқармасының №4 арнайы мектеп-интернатынан «Наркескен» домбырашылар ансамблі мен Қазақ Зағиптар қоғамының өнерпаздары қатысты.
Кеште құттықтау сөз алған кітапхана директоры Байұзақов Асхат Құсайынұлы мен «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Алматы қаласы филиалы төрайымы Ибрагимова Алтынай Қоңыратбайқызы келген қонақтарға ізгі тілектерін арнады.
Шараға 83 адам қатысты.
Назым Момбекова,
өнер және спорт әдебиеттері
бөлімінің қызметкері