News & Events
Жыл басы Наурыз, мол болсын дәм-тұз!
- 20.03.2024
- Posted by: blindlib blindlib_kz
- Category: Жаңалықтар
Жыл басы Наурыз, мол болсын дәм-тұз!
«Ұлыстың ұлы күні» аталатын бұл мерекенің тарихы тереңде жатыр.
Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің
тұрмыс-салтында бағзы замандардан бері орын алған.
Наурыз – еліміз үшін жыл басында тойланатын думанды халықтық
мейрам. Сонымен қатар, атап өтетін жағдай, бұл мерекенің негізгі мағынасы
мен маңызы көптеген халықтар үшін ортақ болып табылады: бұл
жаңалықтың, жаңа бастау мен жаңарудың күні.
Қазақстанда бұл мейрамға ерекше көңіл бөлінген, себебі ол елімізде
өмір сүріп жатқан сан халыққа ортақ мереке.
Ағымдағы жылдың наурыз айының 20 күні Зағип және нашар көретін
азаматтарға арналған республикалық кітапханада Ұлыстың ұлы күні –
Наурыз мейрамына орай «Жыл басы Наурыз, мол болсын дәм-тұз!» атты
әдеби-сазды кеш өтті. Шараны кітапхана директоры Байұзақов Асхат
Құсайынұлы ашып, оқырмандарды Наурыз мейрамымен құттықтады.
Іс-шараның мақсаты: Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны,
ұлттық салт-дәстүрімізді насихаттап, өскелен ұрпақтың өз ұлтына деген
сүйіспеншілігін арттыру.
Кешке кітапхана жанынан құрылған мүмкіндігі шектеулі өнерпаздар
орталығы «Еркеле» қоғамдық қорының ұжымы, Алматы қаласында
орналасқан мектеп оқушылары мен балабақша тәрбиеленушілері және
Алматы облысы Қарасай, Жамбыл аудандық Мәдениет үйінің әншілері
қатысып, өз өнерлерін көрсетті.
Кітапхана директоры А.Қ. Байұзақов іс-шарада өнер көрсеткен
белсенді әрі жас оқырмандарды Алғыс хатпен марапаттады.
Оқырмандар шара соңында Наурыз мейрамына орай дайындалған
«Наурыз-көже» мен бауырсақтан дәм татты, барлығы 73 адам.
Даржанова Г.Т.,
өнер және спорт әдебиеттері
бөлімінің жетекшісі