News & Events
Ұлттық спортты ұлықтайық
- 19.03.2024
- Posted by: blindlib blindlib_kz
- Category: Жаңалықтар
Ұлттық спортты ұлықтайық
Іс-шараның мақсаты: ұлттық ойынның тарихын таныстыра отырып,
негізгі ережелерін үйрету. Ұлттық ойындарды келешек ұрпаққа насихаттау.
Наурыз – ол жаңа жылдың басталуы, күн мен түннің теңесіп,
табиғаттың, қоршаған ортаның жаңа кейіпке енетін сәті. Ұлыстың ұлы күнін
мерекелеу кезінде халқымыз ұлттық музыкалық аспаптарда ойнап, ән
шырқап, айтысып, ұлттық құндылықтарымызды дәріптейді. Сонымен қатар
ұлттық ойындарымызды келер ұрпаққа кеңінен насихаттайды.
Ұлттық ойындар – ерте ғасырдан келе жатқан қазақтың ойын-
сауықтарының бірі. Бұл ұлттық ойындардың мән-мағынасы да тереңде
жатыр. Мысалы, халқымыз Наурыз мейрамында «Қыз қуу», «Жамбы ату»,
«Арқан тартыс», «Асық ату», «Көкпар» сияқты ойындарды ойнайды.
14—23 наурыз аралығында өткізілетін Наурызнама онкүндігінің іс-
шаралар аясында ағымдағы жылдың 20 наурыз күні Зағип және нашар
көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхананың «Өнер және спорт
әдебиеттері бөлімі» «Мейірімді ел» мүгедектерінің қоғамы» қоғамдық
бірлестігімен бірге «Ұлттық спортты ұлықтайық» атты шеберлік сағатын
ұйымдастырды.
Шараға «Мейірімді ел» мүгедектерінің қоғамы» қоғамдық бірлестігі
басшысы, тоғызқұмалақтан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері
Елибакиев Мусрят Махамедович кітапхана оқырмандары мен
қызметкерлеріне қазақтың ұлттық интеллектуалдық ойыны – тоғызқұмалақ-
тан шеберлік сағатын өткізді.
Тоғызқұмалаққа тосырқамай қараңыз,
Ата-дәстүр салтымыз деп санаңыз.
Өзіңді-өзің қазақпын деп санама,
Бұл өнерді үйренбесе балаңыз,-деп спорт жанашыры Алаңбаев
Қасымғали ағамыз айтқандай, ұлттық ойынды ұлықтайық, ағайын!
Сонымен қатар кітапханамыздың жас оқырмандарына «Асық ату»
ұлттық ойыны туралы айтылып, ойын ережесі көрсетілді.
Шараға барлығы 39 адам қатысты.
Даржанова Г.Т.,
өнер және спорт әдебиеттері
бөлімінің жетекшісі