News & Events
Ана – тіршілік тірегі
- 06.03.2024
- Posted by: blindlib blindlib_kz
- Category: Жаңалықтар
Ана – тіршілік тірегі
Отбасының ынтымағын сақтаушы аналардың орны қоғамда ерекше. Адамзат баласын шексіз мейірімге бөлеген аналар мерекесінде ағымдағы жылдың наурыз айының 6 жұлдызында Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхананың Өнер және спорт әдебиеттері бөлімінің ұйымдастыруымен 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне орай «Ана – тіршілік тірегі» атты Мерекелік кеш өтті.
Іс-шараның мақсаты: Көктем және 8-наурыз мерекесінде отбасындағы ана және қыз–келіншектерге деген ыстық сезім мен алғыс құрметті арнау, мерекелік кешпен қуанышқа бөлеу. Аналар өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының діңгегі. Мейірімділік пен сұлулықтың, даналықтың және рухани қуаттылықтың салтанат құрған мерекесінде кітапхананың аяулы аналары мен қыз-келіншектері ерекше құрметке бөленді. Айтылған ізгі тілектер мен шырқалған әннің бәрі-бәрі бұл күні асыл ана, адал жар, аяулы апа-қарындастар тақырыбында болды. Мерекелік кеш нәзік жанды әйел қауымын үлкен қуанышқа бөледі.
Іс-шараға кітапхананың белсенді оқырмандары мен қызметкерлері қатысты, барлығы 38 оқырман.
Даржанова Г.Т.,
өнер және спорт әдебиеттері
бөлімінің жетекшісі