News & Events
«Алтын Орда мемлекетінің негізін қалаушы» — (Жошы ұлысының іргесі қаланғанына – 800 жыл толуына орай)
- 22.02.2024
- Posted by: blindlib blindlib_kz
- Category: Жаңалықтар
«Алтын Орда мемлекетінің негізін қалаушы» — (Жошы ұлысының іргесі қаланғанына – 800 жыл толуына орай)
Ағымдағы жылдың 20 ақпан күні Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханасының өнер және спорт әдебиеттері бөлімінің ұйымдастыруымен көне қазақстанның тарихын зерттеген ғалым Жакей Ғабиден Әділбекұлымен кездесу кеші өтті. Аталмыш шара «Алтын Орда мемлекетінің негізін қалаушы» тақырыбында Жошы ұлысының іргесі қаланғанына – 800 жыл толуына орай ұйымдастырылды.
Кездесу кеші «Қазақ хандығы» жайында арнайы дайындалған деректі фильммен басталды.
Тарихқа көз жүгіртсек, талай қиындықтар мен тағдырдың соққылары қазақ халқының басына таяқ болып тигенін көреміз. Біз бүгінгі күнге көптеген сындардан өтіп келіп отырмыз.
Ұлт тарихында орны зор тұлға, қазақ этносының мемлекеттік негізінің қалануына сүрлеу салған Жошы хан туралы деректер өткен тарихымыздың өзегі іспеттес.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатта ел тарихында ерекше орны бар тұлғаларға құрмет көрсету дәстүрі жалпыұлттық бірегейлікті нығайта түсуге зор септігін тигізетінін айтты. Президент ел тамыры тереңде жатқанын әйгілейтін Жошы ұлысының – 800 жылдығына орай кең ауқымды зерттеулер қолға алынғанын тілге тиек етті. Осы ретте биыл Қазақстан тарихының көптомдығы жарық көреді. Бұл игі іске 200-ден астам отандық, шетелден 60-қа жуық маман тартылған.
Іс-шарамыздың қонағы тарихшы, «Ұлы Дала» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жакей Ғабиден Әділбекұлы тарихи зерттеулерімен бөлісті.
Аталмыш шараға кітапхана қоры мен мерзімді басылым беттерінде жарық көрген мақалалардан кітап көрмесі жасақталды.
Кездесу кешіне зиялы қауым өкілдері мен кітапхана оқырмандары қатысты. Барлығы 27 адам.
Бүгін Тәуелсіз Қазақстан дүниежүзіне ықпал ете алатын, беделі зор, бейбітшілікті ту еткен ерекше қонақжай халық болып өмір сүріп жатыр. 20 миллион халқы бар еліміз тарихын тіктеп, болашаққа қарай нық қадаммен келе жатыр.
Қазақ елі жасасын!
Даржанова Г.Т., өнер және спорт әдебиеттері бөлімінің жетекшісі