News & Events
Ақын В. И. Любинаның мерейтойына арналған «Дороги в поэзию» сериясының 40-шығарылымы, «С любовью о нас и для нас…» өлеңдер жинағының тұсаукесері.
- 20.02.2024
- Posted by: blindlib blindlib_kz
- Category: Жаңалықтар
Ақын В. И. Любинаның мерейтойына арналған «Дороги в поэзию» сериясының 40-шығарылымы, «С любовью о нас и для нас…» өлеңдер жинағының тұсаукесері.
Қайырлы күн, құрметті кітапхана оқырмандары және әріптестер!
«Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» РММ «Дороги в поэзию» сериясының кезекті 40-санымен шығарылған В.И.Любинаның «С любовью о нас и для нас» өлеңдер жинағын назарларыңызға ұсынады. Бұл жинақ ҚСҚ құрметті мүшесі, кітапхананың белсенді оқырманы, бірінші топтағы көз мүгедегі, ақын Валентина Игоревнаның 70 жылдық мерейтойына арналған.
2024 жылы 16 ақпанда кітапхана ісін дамыту, библиография және тифлология бөлімінің қызметкері «С любовью о нас и для нас» өлеңдер жинағының тұсаукесерін жасады. Іс-шара мақсаты – мерейтойларға арналған шараларды ұйымдастыру және өткізу арқылы зағип оқырмандарды танымал ету. Кітапхана пайдаланушыларының өмірі мен қызметін насихаттау.
«Незабудка» әдеби-музыкалық бірлестігінің жиынында тұсауы кесілген өлеңдер жинағы қалың оқырман қауымға арналған. Бұл жинақ әдебиеттің нағыз білгірін де, ақынжандыны да, кәсіби сыншыны да, жинақты қолына кездейсоқ алған поэзиядан мүлде алыс адамды да бейжай қалдырмайды. Жалпы адамзат өмірі қиындықтарға толы, ал Валентина Игорьевна сияқты мүмкіндігі шектеулі жандар қиыншылықпен ғана емес, аурумен де күресуге мәжбүр. Дегенмен әрбір адамға ең бастысы қиыншылықтарға мойымай, қайғырмай, алға ұмтылу және шындықты сол қалпында қабылдай білу қажет. Адам баласы өмірді жақсы көріп, өзінде бар нәрсені бағалап, кедергілерге қарамастан алға жылжудан қорықпаса, өмірге деген сүйіспеншілігі арта түседі.
«С любовью о нас и для нас» өлеңдер жинағы бірнеше айдардан тұрады:
- Алғы сөз. 2. Валентина Игоревна Любинаның өмірбаяны.
- «Родник моей души», бұл бөлімде ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы өлеңдер жинақталған.
- «Дорога в библиотеку – путь к сердцу», бұл бөлімде кітапхананың оқу залы, электронды залы және жалпы кітапхана туралы өлеңдер бар.
- «Незабудка» бөліміндегі өлеңдер әдеби, музыкалық бірлестікке арналған.
- «КОС – души сильные!» Бұл бөлімдегі өлеңдер Қазақ зағиптар қоғамына арналған.
- «Посвящение друзьям» бөліміндегі өлеңдер достарға арналған барлық құттықтаулар мен тілектер осында жинақталған.
- «Два плана», «Законы мироздания в жизни», «Сила энергии любви», «Наш путь земной» айдарларындағы өлеңдер қараңғылыққа, жарыққа, өмір канондарына және эзотеризмге арналған.
Соңғы бөлім «Глубиная мудрость народа Великой степи» деп аталады. Қазақстан туралы барлық өлеңдер осы айдарда жинақталған.
Валентина Игоревнаның алдағы уақытта шынайы поэзия сүйер қауым оқитын әлі талай тамаша поэтикалық туындылар тудыратынына шын жүректен сенеміз.
Умхабиба Захруллаева,
Кітапхана ісін дамыту, библиография және тифлология бөлімінің библиографы.