News & Events
Баспасөз хабарламасы
- 29.01.2024
- Posted by: RBNSG
- Category: Баспасөз-хабарламалары
2024 жылдың 30-шы қаңтар күні «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» РММ-сі (әрі қарай, ЗНКААРК) ақын, Қазақстан Жазушылар одағының және Ресей жазушылар одағының мүшесі Ақберен Елгезектің қатысуымен «Болмаған балалық шақ» атты кітабының тұсаукесерін өткізеді.
«Болмаған балалық шақ» ауыл хиқаялары, бұл нүктелі-бедерлі қаріппен шығарылған кітаптын бірінші басылымы.
Шараның негізгі мақсаты – жаңа ғасырдың жаңашыл ақыны Ақберен Елгезектің шығармашылығымен оқырмандарды таныстыру, жас кітапханашылардың мамандыққа деген сүйіспеншілігін арттыру; кітапхана мен қызметкерлердің имиджін нығайту; кітапханалық кәсіби жастар қоғамын қалыптастырып, оны дамытуға, тәжірибе алмасып, біліктілікті арттыру; еліміздегі зағип жандарға арналған нүктелі-бедерлі қаріптегі жаңа басылымдарды барынша қолжетімді ету.
«Құрметті БАҚ өкілдері! Сіздерді, «ЗНКААРК» РММ-сі ақын, Қазақстан Жазушылар одағының және Ресей жазушылар одағының мүшесі Ақберен Елгезектің қатысуымен «Болмаған балалық шақ» атты кітабының тұсаукесеріне ақпараттық қолдау көрсетуге шақырады!
Өтетін күні мен уақыты:
30 қаңтар 2024 жыл, сағат 15.00
Қосымша ақпарат үшін:
8(727) 293-70-80, 8 (701) 732-9996 Асхат Құсайынұлы Байұзақов («ЗНКААРК» РММ-нің директоры)
8 (727) 292-38-95, 8 (777) 253-6164 Захра Ануарқызы Маханова («ЗНКААРК» РММ-нің баспасөз қызметкері)