«Өнегелі өмір» жобасы аясында — ағартушы, ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 130 жыл толуына орай «Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып, күн болам!» атты поэзиялық кеш өткізілді.
Мақсаты: оқырмандарға жазушының өмірі мен шығармашылығын насихаттау.
Қонақтар: Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті — «Кітапхана ісі» мамандығының студенттері.
Шара барысында Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы жайында екі тілде мағлұмат берілді және қатысушылар ақынның шығармашылығынан үзінді оқыды.