News & Events
Ән мұхитының дарабозы
Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық
кітапханасының өнер және спорт әдебиеттері бөлімінің ұйымдастыруымен 9
қаңтар 2024 жылы ән еркесі, Мұхит мектебінің өкілі, Қазақстанның халық
әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ұлағатты ұстаз Ғарифолла
Құрманғалиевтың 115 жыл толуына орай «Ән мұхитының дарабозы» атты
шығармашылық сағаты өтті.
Шараның мақсаты: Ән сапарымен төрткүл дүниенің талай елдерінде
болып, сан-сан сахналардан ұлттық музыкалық салт-дәстүріміздің байлығын
паш еткен Ғ.Құрманғалиевтің өмірі мен шығармашылығын насихаттау.
Іс-шара барысында оқырмандарға әншінің өмірбаяны туралы арнайы
дайындалған бейнебаян көрсетілді. Халыққа кең тараған халық әні «Әдемі
қызды» Ғарифолла атамыздың орындауында күйтабақта оқырмандарға
тыңдатылды.
Шығармашылық сағатына «Алатау» дәстүрлі өнер театрының
қызметкерлері: Қазақстан Республикасының өнер қайраткері Алма
Аманжолова мен танымал әнші Сандуғаш Стамғазиева қатысып, әннен
шашу шашты.
Шараға 39 оқырман қатысты.
Назым Момбекова,
өнер және спорт әдебиеттері бөлімі