News & Events
Александр Филиппович Сапелкиннің туғанына 85 жыл толуына арналған шахмат турнирі
- 16.10.2023
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар
Александр Филиппович Сапелкиннің туғанына
85 жыл толуына арналған шахмат турнирі
2023-ші жылғы 14-15 қазанда Алматы қаласында Қазақ зағиптар қоғамының құрметті мүшесі Александр Филиппович Сапелкинді еске алуға арналған көру қабілеті бұзылған спортшылар арасында шахматтан турнир өтті. Оған 11 зағип шахматшы қатысты. (7 ер азамат пен 4 әйел)
Турнирдің мақсаты – зағип шахматшы Александр Филиппович Сапелкиннің өмірі мен қызметін және «Шахмат» зияткерлік ойынын насихаттау. Өйткені, шахмат – зағип және нашар көретін адамдар үшін қол жетімді спорт түрлерінің бірі.
Іс-шараны ұйымдастырушы: «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» РММ, «Көмектес» көзі көрмейтін мүгедектердің қоғамдық қайырымдылық қоры және «Қазақстанның Зағип спортшылар одағы». Демеушілер: Александр Филипповичтің ұлы –Александр және Алматының басқа да ұйымдары.
Турнир басталар алдында қатысушылар Александр Филипповичті бір минут үнсіздікпен еске алды. Шахмат турнирі барысында сөз алған Махсут Джумабеков, Мариям Иминова, Сара Абибулаева, Александр Филипповичтің көзі нашар көретін мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасындағы мәдениет пен спортты дамытуға қосқан зор үлесі туралы айтып өтті, ал Назира Курмашева мен Бахтиар Базарбеков шахмат ойнап қана қоймай, ұқыпты, адал және парасатты адамдар болуға үйреткен ұстаздарын еске алды.
Александр Филиппович оқыс жағдайда 13 жасында көру қабілетінен айырылды. Алтын медальмен мектепті бітіріп, екі жоғары білімі болды. Ол «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» республикалық мемлекеттік мекемесінің бірінші директоры болды, 90-шы жылдары «Көмектес» көзі көрмейтін мүгедектердің қоғамдық қайырымдылық қорын құрды. Шахматтан спорт шеберіне кандидат болды, Қазақ зағиптар қоғамы құрама командасының құрамында республикамыздың намысын қорғады, республикалық, бүкілодақтық және халықаралық жарыстарда өнер көрсетіп, екі рет зағип шахматшылар арасында Қазақстан чемпионы атанды, шахмат пен дойбыдан көптеген оқушыларды тәрбиеледі.
2008 жылы көру қабілеті бұзылған спортшылар арасында дене шынықтыру мен спортты дамытудағы еңбегі үшін Александр Филиппович Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің «Қазақстанның Құрметті спорт қайраткері» Құрмет белгісімен марапатталды.
Александр Филиппович өзінің бүкіл саналы ғұмырын мүгедектер үшін қол жетімді, жақсы өмірге қол жеткізе отырып, адамдардың игілігі үшін аянбай еңбек етті.
Коронавирустық пандемия кезінде де ол компьютерде Skype арқылы көретін балаларды шахмат ойнауға үйретті. Ол 2022 жылдың 20 наурызында дүниеден озды. Александр Филипповичтің жарқын бейнесі біздің жадымызда мәңгі қалады.
Шахмат турнирінде қиын күрестің нәтижесінде орындар келесідей бөлінді:
Әйелдер арасында: I орынды Любовь Виноградова, II орынды Назира Курмашева және III орынды Нурия Баймуратова иеленді.
Ерлер арасында: I орынды Алибек Токабаев, II орынды Нурадил Кенжебеков, III орынды Махсут Джумабеков иеленді.
Турнирдің барлық жүлдегерлері Құрмет грамотасымен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Турнир төрешілері: Молдир Назарова және Максим Ристович.
Гулназ Даржанова, өнер және спорт әдебиеттері бөлімінің жетекшісі