2023 жылдың 1 қыркүйегінде «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» РММ-нің кітапхана ісін дамыту, библиография және тифлология бөлімінің қызметкерлері Есік қаласындағы «№ 1 облыстық арнайы мектеп-интернаты» КММ-не барды. Кітапхана қызметкерлері атаулы мектеп-интернатта 1 қыркүйек – Білім күніне орай көрме ұйымдастырып, мектеп оқушыларын арнайы әдебиеттермен таныстыру жұмыстарын жүргізді.
Көрменің мақсаты – көру қабілеті бұзылған оқушыларды бедерлі-нүктелі қаріптегі арнайы әдебиеттермен және бедерлі-графикалық құралдармен таныстыру, оларды кітап оқуға қызықтыру және кітапханаға тарту. Көрмеде барлығы 21 әдебиет таныстырылды.