News & Events
Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада өнер және спорт әдебиеттері бөлімінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 6-шы қыркүйек күні кітапхананың жеке қызмет көрсету бөлімінде «Тіл – халық қазынасы» атты 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай әдеби-сазды кеш өтті.
Іс-шараның мақсаты: Болашақ ұрпақты туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Тілге деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын дамыту. Тіл мәдениетінде, достық қарым – қатынасқа, ой ұшқырлығы мен тапқырлыққа, өз ұлтын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Ұйымдастырылған іс-шараға қазақстандық ғалым, қоғам қайраткері, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері «Парасат ордені»-ні мен «Тіл жанашыры» құрмет белгісінің иегері Асылы Әлиқызы Осман және Алматы қаласы Алатау аудандық тіл қоғамының төрағасы және Патриоттық қозғалыс «Желтоқсан ақиқаты» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Курымбаев Болат Тоқтабайұлы, Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы Республикалық қоғамдық қордың жетекшісі Дінстанов Қанат Дыбысұлы қонаққа келіп, мемлекеттік тілдің маңызы, қасиеті жайлы сауалдар төңірегінде ұтымды, өткір жауаптарымен, өз ойларымен бөлісті. Кешке Абдулла Қарсақбаев атындағы № 41 мектеп пен № 28 жалпы білім беретін орта мектептің оқушылары өз өнерлерін ортаға салды.
Назым Момбекова,
өнер және спорт әдебиеттері
бөлімінің қызметкері