News & Events
Ағымдағы жылдың 29-шы тамыз күні, кітапхананың жеке қызмет көрсету бөлімінде «Ата Заңым – айбыным» атты 30 тамыз – Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орай әдеби-сазды кеш өтті.
Іс-шараға «Қаламқас» вокалды ансамблінің әншілері, кітапхана қызметкерлері мен оқырмандары қатысты.
Әдеби кештің мақсаты: Қазақ қоғамының жиырмасыншы ғасыр тарихындағы Конституцияларының ерекшеліктерін аңғарту, жетістіктеріне тоқталу.
Қазақ елінің мерейлі мерекесі Тәуелсіздіктің төлқұжаты іспетті Конституциямыздың мейрамы кітапханада аталып өтті. Кеш Әнұранымызды шырқау рәсімімен басталды.
Мерекелік шараның шымылдығын «Қаламқас» вокалды ансамблінің әншілері «Доброе утро, родной Казахстан» атты әнмен ашты. Іс-шарада кітапхана директоры Байұзақов Асхат Құсайынұлы келген қонақтарды құттықтап, бүгінгі шараның маңыздылығын, Ата заңымыз сіз бен біздің құқығымызды қорғап, тең өмір сүруімізді қамтамасыз етеді деп атап өтті. Ары қарай Конституция күніне орай дайындалған бейнебаян көрсетілді.
Сахна төрінде Қазақстан, Отан туралы ғажап сезімге толы керемет әндер шырқалды. «Қаламқас» вокалды ансамблінің әншілері А. Оразалина «Здравствуй столица», Ф. Қалиева «Күн дидарлы Қазақстан», Б. Ержанов «С чего начинается Родина», М. Глущенко «Я люблю свою землю», кітапхана қызметкері Н. Момбекова «Туған ел» әндерін орындаса, В. Сотниченко «Казахстан», жас оқырманымыз Кыстаубаев Абдуррахман мерекеге Қалқаман Сариннің «Тәуелсіздік» атты өлең жырын тарту етіп, келген қонақтарға туған елге деген сүйіспеншілік сезім, ұлтжандылық рух пен мерекелік көтеріңкі көңіл сыйлап, ерекше әсерге бөледі.
Шараға 47 оқырман қатысты.
Назым Момбекова,
өнер және спорт әдебиеттері
бөлімінің қызметкері