News & Events
Спорт – бейбітшілік елшісі, мемлекетіміздің мәртебесі
- 15.08.2023
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар
Спорт – бейбітшілік елшісі, мемлекетіміздің мәртебесі
Спорт – салауаттылық кепілі, денсаулық тірегі. Әдетте кез келген адам спортпен шұғылдана білуі мүмкін, бірақ шын спортшы болуы екіталай. Өйткені ол – спорт өнерінде қайтпас қайсар мінез бен күш-жігерді үйлестіре білген кісі ғана ұтатын өмір шындығы.
11 тамыз 2023 жылы Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада өнер және спорт әдебиеттері бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстандағы «Спорт» күніне орай кәсіби спорт ойындарымен кәсіби шұғылданатын кітапхананың белсенді оқырмандарымен кездесу кеші өтті.
Іс-шараның мақсаты: жастарды спортқа тарту, салауатты өмір салтын насихаттау және мүмкіндігі шектеулі спортшылармен таныстыру, пауэрлифтинг ауыр атлетиканың бір түрі (зілтемірді шалқалап жатып көтеру) және армрестлинг (екі қатысушы арасындағы қол күресі) туралы әңгімелеу.
Кешке пауэрлифтинг спортшысы Қазақстанның екі дүркін чемпионы. Жеңісті 75 кг салмақ дәрежесінде еншілеген, 2021 жылы Грузияның Бакуриани қаласында өткен әлем чемпионатында топ жарып бір қола және күміс медальды иеленген, одан бөлек Египеттің Александрия қаласында өткен әлем чемпионаттарындағы жарыста екі күміс медальды олжалаған Хапузов Асимжан Акимович және Пауэрлифтингтен Қазақстанның үш дүркін чемпионы, ҚР парадзюдосының күміс жүлдегері, армрестлингтен Әлемнің қола чемпионы Таипов Рустам Дильмуратович қатысты. Келген қонақтарға спортшылардың өмірбаяны таныстырылды.
Аталмыш кеште кітапхана директорының орынбасары Джумабеков Махсут Тайнович кездесуге келген «Қазақстанның мақтанышына айналған спортшыларымызға әрдайым сәттiлiк тiлеймiз»,-деп алда келе жатқан спорт мерекесі күнімен құттықтады.
Спортшылар өмір жолдары мен спорттың адам өміріне пайдасы және салауатты өмір салтының ажырамас бөлігі екенін айта келе, осындай биік дәрежеге қалай жеткені туралы ой бөлісті. Чемпиондардың қиын да қызықты өмір жолдарын естіген жастардың спортқа деген кызығушылықтары арта түсті. Шара барысында Қазақ соқырлар қоғамы мәдениет үйінде хор Соловьи Алатау ансамблінде жетекшілік ететін Хапузов Асимжан қонақ кәде ретінде осы ансамбльдің әншісі Қалиева Фарида ән орындап, көпшілікті риза етті. Кездесудiң жастар үшiн тәрбиелiк мәнi өте зор болды. Шараға қатысқан жастардың бойын мақтаныш кернеп, келешекте осынау жеңiстi жолдарын жалғастырамын деген сенiм пайда болды десек артық емес.
Шараға 31 оқырман қатысты.
Назым Момбекова,
өнер және спорт әдебиеттері
бөлімінің қызметкері