News & Events
Халықаралық шахмат күніне арналған турнир
- 15.08.2023
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар
Халықаралық шахмат күніне арналған турнир
Шахмат – көру қабілеті нашар адамдар үшін қол жетімді спорт түрлерінің бірі. Бұл спортта олар үлкен биіктерге жете алады.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» республикалық мемлекеттік мекемесі (ҚР МСМ «ЗНКААРК» РММ) мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында ежелгі шахмат интеллектуалды ойынын насихаттау және дамыту үшін көптеген жұмыстар жүргізіп келеді.
«ЗНКААРК» РММ өзі немесе серіктестерімен бірге жыл сайын Халықаралық шахмат күніне арналған көру қабілеті бұзылған азаматтар арасында шахмат турнирін өткізеді. Бұл көптеген жылдар бойы жалғасып келеді, сондықтан бұл турнирді дәстүрлі деп санауға болады.
Осындай кезекті іс-шара ағымдағы жылдың 29 шілдесінде Алматы қаласында «Қазақ зағиптар қоғамы» ҚБ мәдениет үйінде өтті. Ол Халықаралық шахмат федерациясының (fide) құрылуының 99 жылдығына орайластырылды. Бұл беделді халықаралық ұйымның 100 жылдық мерейтойы да жақындап қалды.
Аталмыш турнирді ҚР МСМ «ЗНКААРК» РММ, «Көмектес» көзі көрмейтін мүгедектердің қоғамдық қайырымдылық қоры және Қазақстанның зағип спортшылар одағы ұйымдастырды. Бұл турнирге 13 адам қатысты: бес қыз бен әйел, оның ішінде үш мектеп оқушысы және сегіз жас пен ер адам, оның ішінде үш оқушы.
Жоғарыда аталған іс-шараның мақсаты: мүмкіндігі шектеулі жандар арасында «шахмат» интеллектуалды ойынын насихаттау болып табылады және бұл ойын аталған санаттағы адамдар үшін өте маңызды.
Іс-шара келесі міндеттерді шешуге ықпал етеді:
- Турнир қатысушыларының спорттық шеберлігін арттыру.
- Ойыншылар арасында жаңа таланттарды анықтау.
- Мүмкіндігі шектеулі жандарды шахмат ойыны арқылы қоғамға
біріктіру.
Биылғы жылы аталған жарысқа өткен жылмен салыстырғанда шахматшылар көп қатысты. (2022 жылы барлығы 8 адам қатысқан болатын).
Турнир достық жағдайда, бірақ шахмат ойыны тартысты өтті. Іс-шара барысында жарысқа қатысушылар үшін кофе-брейк ұйымдастырылды.
Жарыс қорытындысы бойынша келесі қатысушылар ең мықты болды:
Әйелдер арасында 3-ші орынды жас спортшылар Бауыржан Ж. және Бауыржан И. бөлісті, ал 1-ші орынды тәжірибелі шахматшылар Н. Курмашева мен Л. Виноградова бөлісті.
Ерлер арасында 3-ші орынды А. Умерсеитов, 2 – ші орынды Ж. Батыров иеленсе, жастар өкілі атынан Б. Курмашев сенімді жеңіске жетті.
Бұл іс-шараның демеушісі «Baursak city» кафесі болды.
Жарысты ұйымдастырушылар кафе директоры – Сыздыков Мухтар Зулпыхаровичке үлкен алғысын білдіреді. Сіздің көмегіңіз аталған жарыстың көптеген қатысушыларын шахматпен одан әрі жақсы жетістіктерге жетуіне ынталандыратыны сөзсіз.
Сондай-ақ, Назарова Мөлдірге мінсіз төрешілігі үшін алғысымызды білдіреміз.
Өнер және спорт әдебиеттері бөлімі