2023 жылдың 30 маусым күні Н.Осторвский атындағы Қазақ соқырлар қоғамы мәдениет үйінде өнер және спорт әдебиеттері бөлімінің ұйымдастыруымен қазақ өнерінің асыл діңгегі ұлтық домбыра күніне орай «Домбыра күні – Ұлттың үні» атты әдеби-сазды кеші өтті.
Кештің мақсаты: Ұлттық аспабымызды қайта жаңғыртуға бағытталған айтулы мерекеде Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Қазанғап, Дина, Сүгір сынды бабаларымыздан мирас болып қалған күй өнерін жандандыру.
Шарада Мәдениет саласының үздігі, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Күйшілер Одағының Алматы филиалының төрағасы Талап Қараш, Алатау дәстүрлі өнер театрының мүгедектерге мәдени қызмет көрсету мәдениет үйінің «Атамұра» ансамблі, Өнертану ғылымының магистрі Нәзира Қанағатқызы, кітапхана оқырманы Маржыкулов Алилгазы және тағы да басқа күйшілер өнерлерін көрсетіп, көпшілікке ерекше әсер қалдырды.