Бүгін кітапханада өнер және спорт әдебиеттері бөлімінің ұйымдастыруымен 4 маусым – Қазақтан Республикасы Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Ел рәміздері — еркіндік нышаны» атты әдеби-сазды кеш өтті.
Іс-шараның мақсаты: Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы, халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер — рәміздердің тарихын бүгінгі ұрпаққа таныстыру.
Шара барысында рәміздер тарихына арналған бейнеролик көрсетіліп, Алатау дәстүрлі өнер театрының мүгедектерге мәдени қызмет көрсету мәдениет үйінің «Атамұра» ансамбілі мен «Армандастар» вокалдық ансамблінің орындауында әуендер тыңдалды.
Шараға 53 оқырман қатысты.
Нуржамал Сарсенова,
өнер және спорт әдебиеттері
бөлімінің кітапханашысы