News & Events
Мамыр айының 4-ші жұлдызында Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхананың өнер және спорт әдебиеттері бөлімінің ұйымдастыруымен Н. Островский атындағы Қазақ соқырлар қоғамының мәдениет үйінде «Адамзат аңсап жеткен күн» атты әдеби-сазды кеш өтті.
Іс-шараның мақсаты: Кейінгі ұрпақты туған елін, жерін сүюге тәрбиелеу. Ел қорғаған ерлердің есімін қастерлеуге, оны ұмытпауға баулу. Тыл еңбеккерлерінің еңбегін бағалау.
Соғыс жылдарында Отаным деп соққан әр азамат барынша күресе білді және өз Отанына деген антын орындап шықты. Іс-шарада сұрапыл соғыста елін, жерін қорғаған майдангерлер туралы өлеңдер оқылып, әндер айтылды.
Кеште құттықтау сөз кітапхана директоры Байұзақов Асхат Құсайынұлы мен «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Алматы филиалы төрағасы Қалқаев Қайрат Мырзахметұлына берілді.
Іс шарада өнер көрсеткендер: «Қаламқас» вокалды-аспаптар тобы, Соловьи Алатау хоры және кітапхана оқырмандары.
Шараға 63 адам қатысты.
Назым Момбекова,
өнер және спорт әдебиеттері
бөлімінің қызметкері