News & Events
«Күй-Ғұмыр» атты қайырымдылық концерті
- 21.04.2023
- Posted by: blindlib blindlib_kz
- Category: Жаңалықтар
Бүгін, кітапханамызда күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына 200 жыл толуына орай «Күй-Ғұмыр» атты қайырымдылық концерті өтті.
Концерттің ұйымдастырушысы Ыбырай Алтынсарин және Абай Құнанбайұлы төсбелгісінің иегері Қаскелең Мәдениет колледжінің оқытушысы, күйші — Асқар Мұқанов.
Мәдени шараның шымылдығын ҚР Мәдениет саласының үздігі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Республикалық Күйшілер одағы қоғамдық бірлестігінің Алматы филиалының төрағасы — Талап Қараш ашты.
Шараға республика бойынша дәулескер күйшілер:
- күйші, ұстаз Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының домбыра кафедрасының меңгерушісі, Өнертану ғылымының магистрі, Қ. Сағырбайұлы төс белгісінің иегері — Динара Нұрбаева;
- С. Тұрысбековтың «Ақ жауын» ансамбілінің әртісі, күйші, ұстаз Қ. Сағырбайұлы төсбелгісінің иегері Ертай Барлықов;
- бүгінгі күні «Халық күйшісі» атанған Охан Бейсенбек, Сарқытбай Қалиұлы;
- күйші композитор, актер, спорт шебері Қ. Сағырбайұлы төсбелгісінің иегері — Аман Малдыбев;
- Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Өнертану профессоры, «Халық күйшісі» төсбелгісінің иегері — Ерболат Мұстафаев;
- Қаскелең Мәдениет колледжінің 1 курс студенті, жас күйші — Керім Қожа Жеңіс Құрманғазы қатысып, күй шертіп, өнерлерімен көпшілікті тәнті етті.
Сонымен қатар, кітапхананың «Өнер өрімдері» әдеби-мәдени клубының жетекшісі, зағип ақын Әбетхан Тоқатағанов шараға тікелей қолдау көрсеткен Республикалық Күйшілер одағы қоғамдық бірлестігінің Алматы филиалының төрағасы — Талап Қарашқа авторлық өлеңін арнаса, кітапхананың қызметкері Н. Момбекова Ә. Бейсеуовтың «Армандастар Құрдастар» әнін орындады. Торғын Мұқанова қазақтың біртуар ақын қызы Қанипа Бұғыбаеваның «Далаға балам бардың ба» атты өлеңін оқып берді.
Шараның соңында «Күйшілер одағы» қоғамдық бірлестігінің Алматы филиалының төрағасы — Талап Қараш бірқатар күйшілерге «Халық күйшісі» және «Құрманғазы Сағырбайұлы» атындағы төсбелгілерін табыстады.