2023 жылдың 14 сәуір күні Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханасында қазақ қайраткері, дәрігер, ұстаз, ғалым Халел Досмұхамедовтың туғанына 140 жыл толуына орай «Алаш қозғалысының қайраткері» тақырыбында танымдық-ақпараттық сағаты өткізілді.

Мақсаты: оқырмандарға қоғам қайраткердің өмірі мен шығармашылығын насихаттау.

Шара барысында Х.Досмұхамедовтың өмірі мен шығармашылығы жайында екі тілде бейнеролик арқылы мағлұмат берілді.