News & Events
«Дарим надежду и оптимизм»
- 07.04.2023
- Posted by: blindlib blindlib_kz
- Category: Жаңалықтар
2023 жылы 7 сәуірде РММ «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхананың» Кітапхана ісін дамыту, библиография және тифлология бөлімінің қызметкерлері КММ Есік қаласының «Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп интернатына» іс-шарамен барып қайтты. Іс-шара «Дарим надежду и оптимизм» тақырыбындағы өзекті диалогпен (көру қабілеті бұзылған түрлі мамандық иелерінің жоғары сынып оқушыларымен сұхбаттасуы) басталып, сондай-ақ 2 сәуір Халықаралық балалар кітабы күніне орай балалар әдебиеттеріне кітап көрмесі ұйымдастырылып, бастауыш сынып оқушыларын арнайы әдебиеттермен таныстыру жұмыстары жүргізілді.
Өзекті диалогтың өткізілу мақсаты – көру қабілеті бұзылған жоғары сынып оқушыларына мамандық таңдауда кеңес беру, жол көрсету. Диалогты қітапхана қызметкері 1 топтағы көз мүгедегі Мырзабеков Алмас пен арнайы шақырылған «Алатау» дәстүрлі өнер театры ансамблінің көркемдік жетекшісі 2 топ көз мүгедегі Қожахметов Мирас өткізді. Қонағымыз Мирас өзінің мамандық таңдаудағы басынан өткізген тар жол тайғақ кешу кезеңдерін айтып, өз тәжірибесімен бөлісті. Диалогқа оқушылармен қатар ата-аналар және ұстаздар қатысып, өздерінің сұрақтарын қойды. Сұрақтарына қажетті жауаптарын алған қатысушылар соңынан Мирастың орындауындағы «Жазғы қар» күйін тыңдады. Іс-шараға қатысқан мектеп әкімшілігі диалогтың оқушыларға өзекті де маңызды дүние екенін ерекше айтып өтті.
Оқушылар мен ұстаздар кітапханаға кезекті келіп түскен суреттері бар бедерлі-графикалық құралдармен, нүктелі-бедерлі қаріптегі «Зере әженің ертегілері» сериясымен щыққан отандық кітаптармен, ресейлік басылымдардың балаларға арналған бейнелі әдебиеттерімен таныстырылды. Көрмеге қойылған әдебиеттердің жалпы саны 20.
Іс-шараларға қатысқан адам саны — 45