News & Events
Әлемді әсем сазбен әлдилеген
Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхананың өнер және спорт әдебиеттері бөлімінің ұйымдастыруымен наурыз айының 14-ші жұлдызында Қазақстанның халық артисі, Қазақстанның Еңбек Ері, «Әлем артисі», Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаеваның туғанына 65 жыл толуына орай «Әлемді әсем сазбен әлдилеген» атты әдеби-сазды кеш өтті.
Іс-шараның мақсаты: Әлемге танымал скрипкашы, көрнекті қоғам қайраткері, шынайы талант иесi Айман Қожабекқызының шығармашылығын насихаттау.
Шара барысында Айман Мұсақожаеваның өмірі мен шығармашылығы туралы бейнебаян көрсетілді. Іс-шараға Алматы қаласындағы Н. Островский атындағы зағиптер және көздері нашар көретін балаларға арналған №4 арнайы мектеп-интернатының оқушылары: Балтабай Акжан композитор Тимур Максимовтың «Вальс Фрекен Бок», Ермоленко Марианна композитор Тимур Максимовтың Вальс «Ожидание», Нургазиева Томирис Манфред Шмитцтің «Микки-Маус», Ашимова Муниса П. Чайковский. «Старинная французкая песенка» шығармаларын орындады. Сондай-ақ Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері Есенбаева Мирьям скрипкада «Меттус-романс», Құрманғазының «Сарыарқа», шығармасын, Тлеубаев Малик «Изаи Соната баллада номер 3 или 19 каприс Паганини», кітапханамыздың ардагер ақсақалы, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, композитор Шакиров Мүбәрак Акмалұлы Абай Құнанбаевтың «Ауру жүрек ақырын соғады» романсын және Кәкімбек Салықовтың «Жүрегім алмас па екен?» шығармаларын, орындап, көпшіліктің ризашылығына бөленді.
Кеш соңында кітапхана директоры Байұзақов Асхат Құсайынұлы кеште өнер көрсеткен жас таланттар мен студенттерге сәт-сапар тілеп, Алғыс хат тапсырды.
Шараға 49 оқырман қатысты.
Назым Момбекова,
Өнер және спорт әдебиеттері
бөлімінің қызметкері