News & Events
Әйел – ана, әйел – өмір бастауы
- 07.03.2023
- Posted by: blindlib blindlib_kz
- Category: Жаңалықтар
Ағымдағы жылдың наурыз айының 7-ші жұлдызында Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада «Әйел – ана, әйел – өмір бастауы» атты 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай әдеби-сазды кеш өтті.
Іс-шараның мақсаты: Мереке қарсаңында отбасындағы ана және қыз-келіншектерге деген ыстық сезім мен алғыс құрметті арнау, әйелдер қауымын мерекелік кешпен қуанышқа бөлеу, ардақтау, құрметтеу.
Мерекелік кеште айтылған ізгі тілектер мен шырқалған әннің бәрі-бәрі бұл күні асыл ана, адал жар, аяулы апа-қарындастар тақырыбында болды.
Кітапхана директоры А. Байұзақов нәзік жанды әйелдер қауымын шуақты мерекемен құттықтады. Мерекеге мүмкіндігі шектеулі өнерпаздар орталығы «Еркеле» қоғамдық қорының ұжымы арнайы келіп, өнерлерін көрсетті. Смағұлова Сәуле Артығали Ыбыраевтың «Ана» атты өлең жолдарын арнаса, әнші қыз Жұматаева Асем «Сенің атың жүрек», Смағұлов Мейрам, Муржақұлов Әділғазы, Жұматаева Әсем «Асыл ана», Смағұлов Мейрам мен Жұматаева Асем «Әдемі», «Керемет сәт» қазақ мүгедектер қоғамы қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Бақыт Әділет «Қыз Жібегім», «Сіз маған керексіз» атты тамаша әндерімен өнер көрсетіп, көрермен ықыласына бөленді.
Көпшіліктің көңілінен шыққан «Әйел – ана, әйел – өмір бастауы» атты мерекелік кеш оқырмандардың, оның ішінде әйелдер қауымының ыстық ықыласына бөленді.
Шараға 53 оқырман қатысты.
Назым Момбекова,
өнер және спорт әдебиеттері
бөлімінің қызметкері