News & Events
Әбетхан Тоқтағанның 75 жасқа толу құрметіне арналған «Айжарық ғұмыр кештім мен» атты мерейтойлық кездесу кеші
- 01.03.2023
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар

1-ші наурыз күні кітапханаың жеке қызмет көрсету бөлімі «Өнегелі өмір» ЖОБАсы аясында – Қазақ зағиптар қоғамының құрметті азаматы, Әлем халықтары жазушыларының мүшесі, Мәдениет саласының үздігі,зағип ақын Әбетхан Тоқтағанның 75 жасқа толу құрметіне арналған «Айжарық ғұмыр кештім мен» атты мерейтойлық кездесу кешін ұйымдастырды.
Шараның мақсаты: оқырмандарды зағип ақын Әбетқан Тоқтағанның өмірі мен шығармашылығымен таныстыру.
Іс шара барысында Кітапхана ісін дамыту, библиография және тифлология бөлімі ақын Әбетқан Тоқтағанның 75 жылдық мерейтойына арналған «Ақын боп туған өршіл жан» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, шолу жасады.
Кеште Әбетқан Тоқтағанның сөзіне жазылған әндері тыңдалып, өлеңдерін кітапхана оқырмандары мен қызметкерлері оқыды.
Шара соңында кітапхана директоры Асхат Байұзақов ақынды құттықтап, шығармашылық табыстар тіледі.