Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханасының өнер және спорт әдебиеттері бөлімінің ұйымдастыруымен 23-ші ақпан күні күйші, домбырашы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шәміл Әбілтайдың туғанына 75 жыл толуына орай «Күй өнерінің дарабозы» атты әуенді дәріс өтті.
Іс-шараның мақсаты: Қазақ күй өнеріне елеулі үлес қосқан Шәміл Бисенғалиұлының шығармашылығын насихаттау.
Шара барысында оқырмандарға күйшінің өмірбаяны мемлекеттік тілде таныстырылып, Шәміл Әбілтайдың орындауында халыққа кең тараған Құрманғазының «Ақбай» күйін бейнебаян түрінде ұсынылды.
Әуенді дәріске Алматы қаласы Николай Островский атындағы зағиптер және көздері нашар көретін балаларға арналған №4 арнайы мектеп интернатынан «Наркескен» домбырашылар ансамблі қатысып, Шәміл Әбілтайдың күйлерін орындады.
Іс-шараға 24 оқырман қатысты.
Назым Момбекова,
өнер және спорт әдебиеттері
бөлімінің қызметкері