News & Events
Музей – жәдігерлер мекені
- 28.10.2022
- Posted by: blindlib blindlib_kz
- Category: Жаңалықтар
Ағымдағы жылдың 28-ші қазан күні өнер және спорт әдебиеттері бөлімінің қызметкері Муханова Т.А. кезекті кәсіптік білімді жетілдіру сабағында «Музей – жәдігерлер мекені» атты Алматы қаласында орналасқан бірнеше музейлерге арналған ақпаратпен таныстырды.
Музейге саяхат жасау жалпы ой – өрістің кеңеюіне, тұлғаның үйлесімді дамып, қалыптасуына зор ықпалын тигізетіні сөзсіз.
Музей – мәдениет мәйегі демекші, Қазақстанда музейлер өте көп. Жеріміз рухани да мәдени жерлерге өте бай. Ұлы Жібек жолы өткен оңтүстік өңірдің табиғаты мен тарихқа толы жерлері толып жатыр.
Мәдениет әрқашан тарихпен тығыз байланысты. Өнер және спорт әдебиеттері бөлімі Алматы қаласындағы музейді таныстыру мақсатында жыл сайын музейге саяхат жасауды ұйымдастырып келеді. Кітапханашы Торғын Аруыновна өнер және спорт әдебиеттері бөлімінің қорындағы музейлер туралы әдебиеттермен таныстыра отырып, қосымша слайд арқылы көрсетті.
Қатысқан адамдар саны 21 адам.
Өнер және спорт әдебиеттері бөлімі