News & Events
Ағымдағы жылдың 12-13 қазан күндері «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» РММ-де кітапхана ісін дамыту, библиография және тифлология бөлімінің ұйымдастыруымен Халықаралық «Ақ таяқ» күні аясында қоғам қайраткері, түркітанушы Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығы, «Қазақ соқырлар қоғамының» 85 жылдық мерейтойы, Н. Островский атындағы зағип және нашар көретін балаларға арналған № 4 арнайы мектеп-интернатының 90 жылдығына арналған байқау ұйымдастырылды.
Байқаудың мақсаты:
— «Халықаралық «Ақ таяқ» күні туралы ақпарат беру, насихаттау;
— зағип және нашар көретін жандардың мәдени және білім деңгейін көтеру;
— зағип жандарды оңалту, нүктелі-бедерлі әдебиеттерді оқуға тарту;
— жалпы білім деңгейін көтеру мақсатында Брайль жүйесін қолдана отырып, қазақ және орыс тілдерінде оқу техникасын дамыту;
— нүктелі-бедерлі әдебиет қорын кеңінен насихаттау;
— қызметтің әртүрлі салаларында зағип жандардың көкжиегін кеңейту;
— Қазақстанның мәдени және тарихи мұрасын насихаттау;
— кітапханаға жаңа оқырмандарды тарту.
Байқау 4 номинация негізінде ұйымдастырылды.
— Брайль жүйесі бойынша мәтінді қазақ тілінде оқу;
— Брайль жүйесі бойынша мәтінді орыс тілінде оқу;
— Бедерлі-графикалық құралдарды тану;
— ҚР монеталарын анықтау.
Байқауға кітапхана оқырмандары мен «Қазақ Соқырлар қоғамы» ҚБ мүшелері қатысты.
Брайль жүйесі бойынша мәтінді қазақ тілінде оқудың жеңімпаздары:
1 орын – Сыздыков Болатхан — 2179 белгі (0 қате)
2 орын – Тайжанова Мадина — 2151 белгі (0 қате)
3 орын – Абдрахманова Зарина — 1618 белгі (3 қате)
Брайль жүйесі бойынша мәтінді орыс тілінде оқудың жеңімпаздары:
1 орын – Абдрахманова Мазимхан — 2826 белгі (1 қате)
2 орын – Айтжанова Аспеткуль — 2654 белгі (1 қате)
3 орын – Токабаев Алибек — 2002 белгі (5 қате)
Бедерлі-графикалық құралды анықтау жеңімпаздары:
1 орын – Тайжанова Айнур — 44 сурет (4 қате)
2 орын – Тарасова Любовь Яковлевна — 39 сурет (0 қате)
3 орын – Садыгулов Ербол — (22 сурет (0 қате)
ҚР монеталарын анықтау жеңімпаздары:
1 орын – Нурлыбев Магжан — 126 монета (3 қате)
2 орын – Мезикова Индира — 186 монета (28 қате)
3 орын – Хабибуллаева Дурдана — 100 монета (13 қате)
Байқаудың қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтап, қазан айының 19-шы жұлдызында кітапханада марапатталды.
Байқауға 30 адам қатысты.
Кітапхана ісін дамыту, библиография және тифлология бөлімі жетекшісі, Алия Рахимжанова
17