News & Events
Ағымдағы жылдың қазан айының 21-ші жұлдызында Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада республика күніне орай «Ұлы байтақ Республикам» атты салтанатты әдеби-сазды кеш өтті. Іс-шараның мақсаты: Болашақ ұрпақты туған мемлекетіміздің тәуелсіздігін баянды етуге, қуатын арттыруға, оның игілігіне, абыройының өсуіне адал қызмет етуге тәрбиелеу. Маусым айында Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынды. 13 жылдан соң, 25 қазан – Республика күні ретінде қайта бекітіліп, президент тиісті заңға қол қойды. Бұл күні қазақстандықтар Республика күнін атап өтеді. Оның заң жобасындағы жарғысы мемлекеттік мереке ретінде бекітілді. Салтанатты кеш Қазақстан Республикасы Әнұранымен басталды. Осы жүрек жарды қуанышқа толы мерекеде «Мүмкіндігі шектеулі өнерпаздар орталығы «Еркеле» қоғамдық қорының мүшесі Смағұлова Сәуле ақын Мұқағали Мақатаевтың «Қазақстан», ақын Фариза Оңғарсынованың «Туған жер», «Сөйлейтін» және Брайль кітаптарын шығару бөлімінің қызметкері Сыздықов Болатхан ақын Мұқағали Мақатаевтың «Отан», кітапхана оқырманы Владимир Ивановский «Моя Республика мой Казахстан» өлеңдерін оқып, жырға бөледі. «Армандастар» вокалды-аспаптар тобының әншісі Дүйсембиев Ержан «Көк тудың желбірегені», Хабибуллаева Дурдона «Туған жер», «Мүмкіндігі шектеулі өнерпаздар орталығы «Еркеле» қоғамдық қорының мүшесі Желудкова Кристина «Қазақ елі», Тайжанова Мадина «Дүние-ай» әндерін орындады. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Жылы ұя» оңалту республикалық орталығының домбырашылар ансамблі «Ерке сылқым», «Балбырауын» күйлерін күмбірлете тартты. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын!
Шараға 61 оқырман қатысты.
Назым Момбекова, өнер және спорт әдебиеттері бөлімінің қызметкері