Республикамыздағы кітапханашылар күні қарсаңында 18-20 қазан күндері «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» РММ-де «Ашық есік» күндері өткізіліп жатыр.
Шараның мақсаты: кітапхана қызметімен жалпы жұртшылықты таныстыру, жаңа оқырмандарды кітапханаға тарту.
Айтулы күндері кітапханаға Алматы қаласы, Алматы облысы жоғарғы оқу орындары мен колледж оқытушылары, студенттері, әлеуметтік және медициналық мекеме қызметкерлері, үкіметтік емес ұйым мүшелері, кітапханашылар, «ЗНКААРК» РММ оқырмандары қатысады деп күтілуде.