2022 жылдың 28 қыркүйегінде Кітапхана ісін дамыту, библиография және тифлология бөлімінің ұйымдастыруымен Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісіне 185 жыл толуына орай дәріс өткізілді.
Дәрісті Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің және Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасының Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі Нұрпейіс Талдыбек Әліұлы жүргізді.
Дәрістің мақсаты: Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс туралы ақпарат беру, Кенесары Қасымұлының халқының бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен мемлекет қайраткері екендігін, көтеріліс барысына тигізген ықпалын насихаттау.
Барлығы 22 адам қатысты.