News & Events
Еліміздегі арнайы кітапханалар Жас кітапханашыларының IV республикалық Слеті өтті
- 22.09.2022
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар
Еліміздегі арнайы кітапханалар Жас кітапханашыларының IV республикалық Слеті өтті
2022 жылдың 21-22 қыркүйек күндері «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» РММ-сі (әрі қарай, «ЗНКААРК» РММ) «Арнайы кітапханалар және Байтұрсынұлы әлемі» тақырыбында ҚР арнайы кітапханалары Жас кітапханашыларының IV Слетін өткізді.
Елбасының 2018 жылғы 13 қарашадағы № 784 Жарлығымен 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауы аясында алғаш рет I республикалық Cлет ұйымдастырылды. Содан бері аталған шара жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілуде. Соңғы 2 жылда пандемия жағдайына байланысты онлайн режимде өткен Слёт, биыл жас мамандарға Алматы қаласында бас қосуға мүмкіндік берді.
Биылғы Слет қоғам және мемлекет қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл мерейтойына негізделді.
Слет Алматы қаласы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Әл-Фараби кітапханасында екі күнге жоспарланды.
Республикалық IV Слетті «ЗНКААРК» РММ-нің директоры Асхат Байұзақов ашып, қонақтарға деген алғысын білдіріп, Слеттің күн тәртібін таныстырды.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаменті Музейлер және кітапханалар басқармасының басшысы Пазылова Гүлзейнеп Анафияқызы ZOOM платформасы арқылы, құттықтау сөз сөйлеп, Слёт жұмысына сәттілік тіледі!
Слеттің ашылу салтанатында ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақтың төрағасы Бақытжамал Қайырбекқызы Оспанова, ҚР Ұлттық академиялық кітапхана директорының орынбасары Жолдыбалинов Нұржан Нұрланұлы қатысты.
Оспанова Бахытжамал Қайырбекқызы құттықтау сөз сөйлеп, Астана қаласындағы Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана басшысы Нұрланов Ғалым Адайұлын Қазақстандық Кітапханалық Одақтың «Қазақстанның Құрметті Кітапханашысы» төсбелгісімен марапаттады.
Сонымен қатар «Зағип жандарға арналған Ресей мемлекеттік кітапханасы» Федералдық мемлекеттік бюджеттік мәдениет мекемесінің директоры Захарова Елена Васильевна ZOOM арқылы байланысқа шығып, құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға жылы лебізін білдірді.
Халықаралық кітапхана ассоциациалары мен мекемелерінің федерациясы (ИФЛА) президенті Барбара Лисон (Ms Barbara Lison) бейнеүндеуінде арнайы кітапхана мен кітапханашының қоғамдағы рөліне қатысты маңызды жәйттарға тоқталып, осындай арнайы кітапхана саласына қатысты ұйымдастырылып отырған ауқымды шараның жұмысына зор табыс тіледі.
Арнайы кітапханалардың көбеюі еліміздің интеллектуалды деңгейінің артуына зор ықпал ететіні, заманауи технологиялар ғасырында әдеби мұрамызды сақтап қалу, нүктелі-бедерлі қаріптегі басылымдардың санын сапалы түрде арттыру; Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасын зерттеуде, танытуда жаңа белеске көтерілуге үлес қосу шара барысында талқыланған басты тақырыптар.
Слет аясында келесі шаралар өткізілді:
- «Халықаралық конференцияның пленарлық отырысы «Ахмет Байтұрсынұлы — қазақ халқының рухани ұстазы»;
- «Мерзімді басылымдарға аналитикалық-библиографиялық сипаттама жасау» тақырыбында семинар-практикум;
- «Кітапханалардың сандық жүйеге өтуі» тақырыбында семинар-тренингі;
- «Қазақ әліпбиінің алғашқы авторы және ұлт мақтанышы» дөңгелек үстелі;
- «ЗНКААРК» РММ шығарған нүктелі-бедерлі қаріптегі Ахмет Байтұрсынұлы көптомды шығармалар жинағының кітабының бесінші томының тұсаукесері;
- «Қазақ Халқының ұлы тұлғасы» — кітап көрмесі.
Слет шеңберіндегі шараларға республикамыздағы 17 арнайы республикалық, облыстық, қалалық кітапханалары мен кітапхана бөлімдерінің басшылары мен жас кітапханашылары, Ресей Федерациясы мен Түркия Республикасының өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.
ҚР зағип жандарға арналған арнайы кітапханалар Жас кітапханашыларының IV Cлеті: «ЗНКААРК» РММ-нің оқырмандарды ақпаратпен, біліммен, мәдени құндылықтармен қамтамасыз ету жолындағы даму сатысын айқындау; жас кітапханашылардың мамандыққа деген сүйіспеншілігін арттыру; жұмыстың жаңа түрлері мен әдістерін енгізу; кітапхана мен қызметкерлердің имиджін нығайту; кітапханалық кәсіби жастар қоғамын қалыптастырып, оны дамытуға, тәжірибе алмасып, біліктілікті арттыру; зағип ақындардың ой-толғамдарын кеңінен дәріптеу; еліміздегі зағип жандарға арналған нүктелі -бедерлі қаріптегі басылымдардың шектеулі шығарылуы жағдайында, қол жетімді форматтағы басылымдарды және тактильді кітаптарды шығаруда, арнайы кітапханалар қызметіне назар аудару мақсатында өткізілді.
Слет аясында өтетін шараларға республикамыздағы облыстық, қалалық арнайы кітапханалары, Орталықтандырылған кітапханалардың арнайы бөлімдері басшылары мен 35 жас аралығындағы (35 жастағы) қызметкерлері, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың үкіметтік емес ұйымдары, ТМД елдерінің арнайы кітапханаларының басшылары мен қызметкерлері қатысты. Слетке барлығы 120 астам адам қатысты.
«Ахмет Байтұрсынұлы — қазақ халқының рухани ұстазы» тақырыбындағы Халықаралық конференцияға қатысқан қазақстандық жас мамандар:
- «ЗНКААРК» РММ-сінің жас маманы — Кожамберді Зерде Фазылбекқызы;
- «ЗНКААРК» РММ-нің Жеке қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы — Жyaшбaeвa Гyлһaя Бaбaxaнкызы;
- «Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы» КММ-сінен — Крыкбаева Кульзада Таласбаевна;
- Көкшетау қалалық зағип және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасынан — Кстаубаев Нурлан Ольджабаевич;
- Батыс Қазақстан облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасынан — Саменова Гулмайра Беркиновна;
- «Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханасы» КММ- сінен-Абишева Екатерина Петровна;
- Павлодар облыстық «Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапханасы» КММ — сінен- Нұрқадырова Айнұр Мейрамбекқызы;
- Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасының ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімінің тифло-редакторы — Каттабекова Гульсара Дуйсеналиевна;
- «Шығыс Қазақстан облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы» КММ – сінен — Бекмұратова Таиса Маратқызы;
- Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры — Дюсибаева Дариха Торебаевна.
- «Ахмет Байтұрсынов және біртұтас Алаш идеясы»;
- «Помощь издательских отделов специальных библиотек в формировании книжных, цифровы ресурсов в форматах, доступных незрячим»;
- «Қазақстан Республикасының ЖОО инклюзивті білім беру үрдісін жетілдіру»;
- «Ахмет Байтұрсынұлының өнегелі өмірі мен шығармашылығы»;
- «Дәуірдің жарық жұлдызы»;
- «Арнаулы кітапхана – Ахмет Байтұрсынов мұрасын насихаттаушы»;
- «Взаимдействие специальных библиотек с музеями в организации и развитии доступной среды»;
- «Павлодар облыстық арнайы кітапханасындағы баспа ісінің зағип жандарға қолжетімді форматтарда кітап, сандық ресурстарды қалыптастыруға көмегі»;
- «Ахмет Байтұрсынұлы мұрасына заманауи көзқарас»;
- «Тұғыры биік тұлға» тақырыптарда баяндамалар жасады.
Слетке ТМД елдеріндегі әріптестеріміз де өз үлестерін қосты. Атап айтсақ:
- Кычкина Галина Михайловна, Саха (Якутия) Республикасының «Зағип жандарға арналған республикалық кітапхана» мемлекеттік қазыналық мекемесі, қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі
«Социокультурные мероприятия в контексте развития родного языка»;
- Потапова Евгения Артуровна — құжаттарды есепке алу және библиография бөлімінің кітапханашы әдіскері,
Саввинова Оксана Анатольевна — репродукция және арнайы технологиялар бөлімінің жетекші кітапханашысы
Саха (Якутия) Республикасының «Зағип жандарға арналған республикалық кітапхана» мемлекеттік қазыналық мекемесі
«Якутская книга: воспроизведение в специальном формате»;
- Гайнуллина Юлия Ильдаровна, кітапханалық қызмет көрсетудің кешенді бөлімінің 2 санатты кітапханашысы, Новосібір облыстық зағип және нашаркөретіназаматтарғаарналғанарнайыкітапханасы (онлайн форматта)
«Многоформатные издания для незрячих и слабовидящих пользователей – расширяющаяся практика творческого сотрудничества»;
- Давлетханова Назиля Мазгаровна, Макарим Хусаинович Тухватшин атындағы «Башқұрт Республикалық зағип жандарға арналған арнайы кітапханасы» Башқұртстан Республикасы мемлекеттік бюджеттік мәдениет мекемесінің Каталогтау және қорларды игеру бөлімінің меңгерушісі
«Уникальные книги для незрячих и слабовидящих детей созданные в Башкирской республиканской специальной библиотеке для слепых имени МакаримаХусаиновичаТухватшина»;
- Назаров Михаил Васильевич, Санкт-Петербург қаласындағы Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған мемлекеттік арнайы орталық кітапханасы, кітапхана ісін дамыту бөлімінің ғылыми-әдістемелік секторының меңгерушісі
«Организация доступной среды в музеях: опыт СПб ГБУК «Государственная специальная центральная библиотека для слепых и слабовидящих»;
- Жұмабаева Алтынай Нұрланқызы, Бурса қаласы (Түркия), Бурса Улудаг университеті, Жаратылыстану ғылымдары және әдебиет факультетінің студенті
«Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: Түркия елінде» тақырыптарында баяндамалар оқыды.
Екі күнге жоспарланған Слет аясында саланың шешілуге тиісті көптеген мәселелері назарға алынып, арнайы кітапхана желісінің сапалы адами капиталды қалыптастырудағы және қоғамдық сананы жаңғыртудағы рөлі мен орны, кітапхана саласын дамыту, цифрландыру жүйесіндегі кітапханалар, арнайы кітапханаларды сандық ортаға интеграциялау және заманауи форматта дамыту сияқты өзекті тақырыптар қозғалды.Шара барысында 16 баяндама тыңдалды.
Слеттің бірінші күні «Ахмет Байтұрсынұлы — қазақ халқының рухани ұстазы» Халықаралық конференцияның пленарлық отырысын қортындылап, қатысушылар Слеттің резолюция жобасымен таныстырылды. Слет резолюциясы өңірдегі арнайы кітапхана қатысушыларының ұсыныстарымен, енгізілген өзгерістерін ескере отырып толық қабылданған соң, алдағы уақытта Мәдениет және спорт министрлігі Мәденет комитетіне жолданады. Слет резолюция шешімдері ұзақ мерзімді перспективаға бағытталған.
Слеттің екінші күні «ЗНКААРК» РММ шығарылған Ахмет Байтұрсыновтың «Көп томдық шығармалар жинағы»: бесінші томының нүктелі-бедерлі қаріптегі және МР3 форматтағы аудионұсқасының тұсаукесері өтті.
«Кітапханалардың сандық жүйеге өтуі» тақырыбында семинар-тренингі өтті.Семинар-тренингті ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасы директорының орынбасары, IT маман, ақпараттық жүйелер бойынша маркетолог Жолдыбалинов Нұржан Нұрланұлы жүргізді. Шара барысында спикер мына тақырыптарды қозғады:
- Кітапханалардың сандық жүйеге өтуінің маңызы;
- Сандық жүйеге өту кітапхана қызметінің дамуына ықпалы мен мүмкіндіктері;
- Мобилография дегеніміз не?;
- Мобилографияның кітапхана ісін жандару жолындағы пайдалары.
Семинар-тренинг,арнайы кітапхана өкілдері мен оқырмандары үшін өте пайдалы ақпараттарға толы болды. Спикер практика жүзінде ақпаратты оңай әрі пайдалы етіп жеткізді.
«Қазақ әліпбиінің алғашқы авторы және ұлт мақтанышы» атты дөңгелек үстел өтті. Модераторы А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Фазылжанова Анар Мұратқызы.
Дөңгелек үстелге арнайы шақырылған қонақ — Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы — Салқынбаева Анар Бекмырзақызы.
Дөңгелек үстел барысында Ахмет Байтұрсынұлының ерең еңбегі, тұлғалық қасиеттері туралы айтылды. Слёт қатысушылары мен дөңгелек үстел қатысушыларының арасында Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығы терең талқыланды.
Шара соңында Жас кітапханашылардың IV республикалық Слетінде баяндама оқып, қатысқан кітапханашылар сертификатпен марапатталды. Ерекше аталып өткен 3 баяндамашы арнайы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған «Ахмет Байтұрсынұлы 150» төсбелгімен марапатталды.
Кітапханалардың өміршең болуы білімді, жарқын келешектің келбетінің жарқын көрінісі, кітапхананың жаһандану ғасырында мәдени орталық мәртебесін сақтауына қоғамның қосар үлесі зор.
«ЗНКААРК» РММ-нің директоры Асхат Байұзақов сөз сөйлеп Слет жұмысын қорытындылады. Барша Слетке қатысушыларға үлкен алғысын білдіре отырып, еңбектеріне зор табыс, шығармашылық ізденістер мен сәттіліктер тіледі.